$ 519.61  610.13  6.54
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Еліміздегі бірнеше республикалық автожол жабылды

Алты облыста ауа райы бұзылды

Еліміздегі бірнеше республикалық автожол жабылды
Фото: istockphoto.com

Қызылорда, Ұлытау, Қостанай, Ақмола, Қарағанды және Павлодар облыстарындағы бірнеше республикалық маңызы бар автожол ауа райының бұзылуына байланысты жабылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «ҚазАвтоЖолға» сілтеме жасап.

Қызылорда облысы

  • 2025 жылғы 14 желтоқсан сағат 18:30-де «РФ шекарасы - Мәртөк - Ақтөбе - Қарабұтақ - Қызылорда - Шымкент - Тараз - Қордай - Алматы - Қорғас - ҚХР шекарасы» автожолының 1362-1806 шақырымы аралығындағы учаскесінде (Арал қаласынан Қызылорда қаласына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды. Жолды 2025 жылы 15 желтоқсан сағат 07:00-де ашу жоспарланған.

Ұлытау облысы

  • 2025 жылғы 14 желтоқсан сағат 19:30-да «Қызылорда- Жезқазған- Қарағанды- Шідерті» автожолының 433-756 шақырым аралығындағы Жезқазған қаласынан Жаңаарқа елді мекеніне дейін барлық көлік түрінің қозғалысына шектеу енгізілді. Жолды 2025 жылғы 15 желтоқсан сағат 08:00-де ашу жоспарланған;
  • 2025 жылғы 14 желтоқсан сағат 21:00-да «Қызылорда- Жезқазған- Қарағанды- Шідерті» автожолының 758-788 шақырымы аралығындағы Жаңаарқа елді мекенінен Қарағанды облысының шекарасына дейін жүк және қоғамдық көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Жолды 2025 жылғы 15 желтоқсан сағат 09:00-де ашу жоспарланған.

Қостанай облысы

  • 2025 жылғы 14 желтоқсан сағат 21:00-да «Жезқазған- Арқалық- Петропавл» автожолының 340-377 шақырым аралығындағы Арқалық қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейін жүк және қоғамдық көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Жолды 2025 жылғы 15 желтоқсан сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

Ақмола облысы

  • 2025 жылғы 14 желтоқсан сағат 21:00-да «Жезқазған- Арқалық- Петропавл» автожолының 377-440 шақырымы аралығындағы Қостанай облысының шекарасынан Державинск қаласына дейін жүк және қоғамдық көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Жолды 2025 жылғы 15 желтоқсан сағат 08:00-де ашу жоспарланған;
  • 2025 жылғы 14 желтоқсан сағат 21:30-да «Астана - Қарағанды - Алматы « автожолының 30-92 шақырым аралығындағы учаскесінде (Жібек Жолы ақы алу пунктінен Қарағанды облысының шекарасына дейін)  жүк және қоғамдық көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Жолды 2025 жылғы 15 желтоқсан сағат 08:00-де ашу жоспарланған;
  • 2025 жылғы 14 желтоқсан сағат 21:30-да «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолының 16-200 шақырымы аралығында (Астана қаласы - Павлодар облысы шекарасына дейін) жүк және қоғамдық көлік қозғалысына шектеу қойылды. Жолды 2025 жылғы 15 желтоқсан сағат 09:00-де ашу жоспарланған.

Қарағанды облысы

  • 2025 жылғы 14 желтоқсан сағат 21:00-да  «Қызылорда- Жезқазған- Қарағанды- Шідерті» автожолының 788-906 шақырым аралығындағы Ұлытау облысының шекарасынан Топар елді мекеніне дейін жүк және қоғамдық көлік түрлері қозғалысына шектеу енгізілді. Жолды 2025 жылғы 15 желтоқсан сағат 09:00-де ашу жоспарланған;
  • 2025 жылғы 14 желтоқсан сағат 21:00-да «Астана- Қарағанды- Алматы» автожолының 248-592 шақырым аралығындағы Атамекен елді мекенінен Балқаш қаласына дейін жүк және қоғамдық көлік түрлері қозғалысына шектеу енгізілді;
  • 2025 жылғы 14 желтоқсан сағат 21:30-да «Астана - Қарағанды – Алматы» автожолының 92-164 шақырымы аралығындағы учаскесінде (Ақмола облысының шекарасынан Теміртау ақы алу пунктіне дейін) жүк және қоғамдық көлік қозғалысына шектеу қойылды. Жолды 2025 жылғы 15 желтоқсан сағат 08:00-де ашу жоспарланған;
  • 2025 жылдың 14 желтоқсаны сағат 22:30-дан бастап  «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолының 1067-1135 шақырымы аралығында (Молодежный ауылы – Павлодар облысы шекарасы);
  • 2025 жылдың 14 желтоқсаны сағат 22:30-дан бастап  «Қалқаман–Баянауыл–Үміткер–Ботақара» автожолының, 231–324 шақырымы аралағында (Павлодар облысының шекарасы – Ботақара ауылы) көліктің барлық түріне шектеу қойылды. Жолды 2025 жылдың 15 желтоқсаны сағат 06:00-де ашу жоспарланған.

Павлодар облысы

  • 2025 жылғы 14 желтоқсан сағат 21:30-да  «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолының 200-254 шақырымы аралығында (Ақмола облысы шекарасынан. – Шідерті а.)  жүк және қоғамдық көлік қозғалысына шектеу қойылды. Жолды 2025 жылғы 15 желтоқсан сағат 09:00-де ашу жоспарланған;
  • 2025 жылдың 14 желтоқсаны сағат 22:30-дан бастап «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолының 1135–1206 шақырымы (Қарағанды облысының шекарасы – Шідерті ауылы), «Қалқаман–Баянауыл–Үміткер–Ботақара» автожолының 0- 231 шақырымы аралығында (Қалқаман ауылы – Қарағанды облысы шекарасы) көліктің барлық түріне шектеу қойылды. Жолды 2025 жылдың 15 желтоқсаны сағат 06:00-де ашу жоспарланған.
Серіктес жаңалықтары