$ 522.38  612.6  6.54
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Жолда тұзақ құрылған»: полиция қазақстандықтарға ескерту жасады

ІІМ тек ресми дереккөздерге сенуге шақырды

«Жолда тұзақ құрылған»: полиция қазақстандықтарға ескерту жасады
Фото: Polisia.kz

Полиция мессенджерлерде таралып жатқан «жол бойындағы тұзақ» туралы ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Белгісіз біреу әлеуметтік желіде бейсенбі күні таңертең ауылдық жерде келе жатып, жол жиегінде көрпемен жабылған балаларға арналған автокреслоны көргенін, бұл көліктерді тоқтату үшін тұзақ болуы мүмкін екенін айтып, хабарлама таратқан. Алайда полиция бұл ақпаратты жоққа шығарды.   

«Мессенджерлерде таралып жатқан жолдардағы «жалған сәбиі бар» балалар автокреслосы түріндегі «тұзақ», сондай-ақ көлікті тоқтату үшін оның алдыңғы әйнегіне жұмыртқа лақтыратындар туралы ақпарат шындыққа жанаспайды», - деп жазылған хабарламада.

ІІМ әлеуметтік желі қолданушыларына БАҚ немесе ақпараттық-коммуникациялық желілер арқылы жалған ақпарат таратудың жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салды. Сондай-ақ ведомство тек ресми дереккөздерге сенуге шақырды.

Серіктес жаңалықтары