$ 522.38  612.6  6.54
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бейтаныс адаммен «құшақтасқан» елорда тұрғыны полициядан көмек сұрады (ВИДЕО)

Жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде полицейлер күдіктіні анықтап, ұстады

Бейтаныс адаммен «құшақтасқан» елорда тұрғыны полициядан көмек сұрады (ВИДЕО)
Фото: freepik.com

Астанада минимаркеттің кіреберісінде кешкі уақытта болған қалта ұрлығы ашылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy елорда полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше кешкі уақытта 43 жастағы ер адам дүкенге келген жәбірленушімен әңгіме бастағандай болып, оны құшақтай отырып, күртешесінің кеуде қалтасынан «Samsung Galaxy» маркалы ұялы телефонын жасырын ұрлап кеткен.  

«Жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде полицейлер күдіктіні анықтап, ұстады. Ұрланған телефон тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды», - деп жазылған хабарламада.

Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Елорда полициясы азаматтарды қоғамдық орындарда сақ болуға және өз мүлкіне ұқыпты қарауға шақырды. Құқыққа қайшы әрекеттерге тап болған жағдайда 102 нөмірі бойынша полицияға дереу хабарласу қажеттігін ескертті.

Серіктес жаңалықтары