$ 522.38  612.6  6.54
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қостанайда 68 жастағы әйелді көлік қағып өлтірді

Ол оқиға орнында көз жұмды

Қостанайда 68 жастағы әйелді көлік қағып өлтірді
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy

Қостанайда жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан 68 жастағы әйелді жеңіл автокөлік қағып кетті. Әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Бұл туралы Қостанай облысы Полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жол апаты қалай болды?

12 желтоқсан күні күндіз Қостанай қаласында болған бұл қайғылы оқиға бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.

Жол апаты Қабанбай Батыр даңғылындағы реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде болған. ВАЗ-2114 маркалы автокөлігінің жүргізушісі жолды кесіп өтіп бара жатқан 68 жастағы әйелді қағып кеткен. Әйел алған ауыр жарақаттарынан сол жерде қаза тапты.

Әлеуметтік желілерде тараған видеолардан, трагедияны жазып алған автобус жүргізушісі жаяу жүргіншіні тоқтап өткізіп жібергенімен, артынан келе жатқан жеңіл автокөлік зейнеткерді соғып кеткенін көруге болады.

Жүргізуші ұсталды

Полиция мәліметінше, жаяу жүргіншіні қағып кеткен жүргізуші ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК-нің «Жол жүрісі ережелерін бұзу, абайсызда адам өліміне әкеп соғу» бабы бойынша жүргізіліп жатыр.

Қазіргі уақытта трагедияның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары