$ 520.48  574.61  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.07.2020, 23:55
Жаңалықтар

COVID-19: Павлодар ауруханалары қайта бейімделуде

Өңірде дәрігерлер тапшылығы да өзекті мәселелердің бірі болып тұр

COVID-19: Павлодар ауруханалары қайта бейімделуде
Фото: ашық дереккөзден

Кереку емдеу мекемелерінде орын тапшылығы мәселесін шешу мақсатында «Павлодар теміржол аурханасы» жұмыс бағытын өзгертті. Енді ол коронавирусқа шалдыққандарды емдеуге арналған орталыққа айналды. Қазір аталған нысанда 100 науқас ем алып жатыр, олардың 8-і жүкті әйел, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Дәрігерлердің айтуынша, Павлодар облысында өкпесі қабынып, медициналық көмекке жүгінушілер қатары күрт артқан. Тек өткен демалыс күндері аталған диагнозбен 200 адам тіркелген. Олардың тең жартысының жағдайы ауыр. Қалғандары үйлерінде емделіп жатыр. Жалпы аймақта үш мың төсекке шақталған провизорлық орындар әзірленген.

«Жағдайы ауыр және орташа жүз адамды емдеп жатырмыз. Олардың ең үлкені - 85 жаста. Жүкті әйелдердің қатарында 21 жастағы келіншектің де жағдайы ауыр. Дәрігерлер шама келгенше барлығын емдеп жатыр. Қазір қиын кезеңдердің бірін бастан кешіріп жүрміз», - дейді «Павлодар теміржол ауруханасы» мекемесінің директоры Ермек Күшіков. 

Ауруы симптомсыз түрде өтіп жатқан науқастар дәрігер бақылауымен үйде емделеді. Ал дерті жеңіл өтіп жатқандар күндізгі стационарға барып, медициналық көмек ала алады. Қазір өңірде дәрігерлер тапшылығы да өзекті мәселелердің бірі болып тұр. Сондықтан Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары өңірдегі медицинаға қатысы бар мамандарың барлығын қауіпті індетпен күреске жұмылдыруды ұсынып отыр.

«Бүкіл ауыр жұмыстың барлығы дәрігерлерге түсті. Мамандарды қолдан келгенше жеткізуге тырысып жатырмыз. Көмектесемін дейтін азаматтар болса, біз оларды қолдаймыз. Өзіміздің дәрігерлеріміз бар, жұмыстан шығып кеткен дәрігерлер болсын, медбикелер, фельдшер, санитаркалар, барлықтарына қолдан келгенше жәрдем береміз», - деді Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а. Біржан Досмайылов.н режимде қанша уақыт жұмыс істейтіні әзірге белгісіз.

Эльмира Мәмбетқызы, СҚО

Серіктес жаңалықтары