$ 503.17  600.89  6.63
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

БҚО-да мемлекетаралық іздеуде жүрген күдікті қолға түсті

Ол Ақтау тұрғынын алдап, 58 млн теңгесін қағып алған

БҚО-да мемлекетаралық іздеуде жүрген күдікті қолға түсті
Фото: БҚО ПД

Батыс Қазақстан облысында жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері Орал қаласынан мемлекетаралық іздеуде болған 28 жастағы Ақтау қаласының тұрғынын қолға түсірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тергеу барысында анықталғандай, ол 2025 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында 10% табыс болады деп Ақтау тұрғынын алдап, сеніміне кіріп, 58 миллион теңгеден астам қаржысын иемденді деген күдікке ілінген.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, ал оның ұсталғаны жөнінде бастамашы орган – Маңғыстау облыстық полиция департаментіне хабарланды.

Бұдан бөлек, тергеу мен соттан жасырынған тұлғаларды анықтау бойынша жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстың нәтижесінде жыл басынан бері БҚО полицейлері іздеуде жүрген 54 адамды ұстаған.