$ 519.61  610.13  6.54
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда ауа сапасы нашарлайды – синоптиктер ескерту жасады

Қала тұрғындарына сыртта серуендеуді шектеу ұсынылды

Алматыда ауа сапасы нашарлайды – синоптиктер ескерту жасады
Фото: © istockphoto.com

Синоптиктер Алматы қаласында 13 желтоқсан күні ауаның ластану деңгейінің жоғары болатынын ескертті. Демалыс күні қала тұрғындарына қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты далада серуендеуді шектеу ұсынылдя, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Алматыдағы қолайсыз метеожағдай

«Қазгидрометтің» мәліметінше, 2025 жылдың 13 желтоқсанында Алматыда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – бұл атмосфераның жер беті қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (желсіздік, әлсіз жел, тұман, инверсия) үйлесімі.

Қыс мезгілінде Алматының географиялық орналасуы мен жылу көздерінен шығатын түтінге байланысты ҚМЖ жиі тіркеледі.

Денсаулыққа қажет шаралар

Ауаның ластануы күшейген кезде қала тұрғындарынан, әсіресе денсаулығында проблемасы бар адамдардан сақтық шараларын сақтау талап етіледі:

1. Сыртта болуды шектеңіз: Далада жүру уақытын барынша қысқарту ұсынылады. Әсіресе, автотрассаларға немесе басқа ластау көздеріне жақын жүруден аулақ болыңыз.

2. Дәрі-дәрмекті қадағалаңыз: Өкпенің созылмалы ауруларымен, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулармен ауыратын азаматтарға сыртқа шыққанда қажетті дәрі-дәрмектерін міндетті түрде алып жүру керек.

Серіктес жаңалықтары