Қар жауып, боран соғады: сенбі күні Қазақстанда ауа райы қандай болады
Синоптиктердің болжамы белгілі болды
«Қазгидромет» РМК сенбі күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Солтүстік және орталық өңірлер (Астана, Ақмола, Қостанай, СҚО, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау)
Бұл өңірлерде негізінен құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Кей аймақтарда қар, боран, көктайғақ және бұрқасын байқалады. Петропавлда жауын-шашынсыз, -6…-8°, түнде -13…-15°. Қостанай мен Көкшетауда аздаған қар жауады. Павлодарда тұман мен боран, температура 0…-2°. Қарағанды, Жезқазғанда боран мен көктайғақ күшейеді. Астанада да қар жауып, бұрқасын байқалады, -3…-5°.
Шығыс өңірлер (Өскемен, Семей)
Шығыста ауа райы құбылмалы, күндіз қар жауып, боран мен көктайғақ күшеюі мүмкін. Өскеменде қар, боран, түнде -9…-11°. Семейде түнде қар, күндіз жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, жел күшейеді, температура -1…+1°, түнде -7…-9°.
Батыс өңірлер (БҚО, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе)
Батыста бұлтты ауа райы сақталып, қар аралас жаңбыр жауады. Кей аудандарда боран, тұман, көктайғақ және күшті жел байқалады. Оралда жауын-шашын кей тұста күшейіп, -1…+1° болады. Атырауда қар мен жаңбыр жауып, күндіз бұрқасын соғады. Ақтөбеде түнде қар, күндіз жаңбыр мен қар, боран күтіледі. Ақтауда күндіз жаңбыр мен қар жауады, +5…+7°.
Оңтүстік өңірлер (Алматы, Жетісу, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл)
Оңтүстікте ауа райы құбылмалы, кей жерлерде жаңбыр мен қар жауады. Таразда түнде жауын-шашын, тұман, +8…+10°. Шымкент пен Түркістанда негізінен жаңбырлы, +6…+8°. Қызылордада жауын-шашынсыз, тұман болуы мүмкін. Алматы мен Талдықорғанда жауын-шашынсыз, Алматыда +6…+8°, Талдықорғанда +4…+6°. Қонаевта түнде қар, жел күшеюі ықтимал.