12.12.2025, 21:18
Жаңалықтар
10 мың доллар талап еткен: Қызылорда облысында екі ер адам көршілерін бопсалап келген
Ол көршілерін ұрып-соғып, қорқытып келген
Фото: Polisia.kz
Қызылорда облысында Шиелі ауданының екі тұрғыны көршілерінен ұрып-соғып, қорқытып, ақша талап еткен. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр.
Олар көршілерінен 10 мың доллар бопсалады деген күдікке ілінді.
«Азаматтардың назарын аударамыз: күш көрсету немесе күш қолданамын деп қорқыту арқылы ақша талап ету – қылмыстық жауаптылық көзделген заңбұзушылық. Тараптар арасындағы жеке қарым-қатынастарға қарамастан, мұндай әрекеттер қылмыс ретінде бағаланады», – деп мәлімдеді ІІМ.
Көп оқылған
03.11.2026, 09:00
Ақ халатты жандарға жұдырық ала жүгірген: Қазақстанда дәрігерді ұрғандар қанша жылға сотталды
03.11.2026, 17:36
Ақтөбеде неке қию залына келген әйел адамды бұрын бірге тұрған серігі өлтіріп кетті
03.11.2026, 14:33
«Мен сіздерді ақша жинауға мәжбүрледім бе?»: Алматы облысында жолға жауаптылар тағы да «футбол» ойнап жүр (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды