$ 522.38  612.6  6.54
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда 16 желтоқсан күні ХҚО-лар жұмыс істемейді

Ал жұмыс күндері қалыпты режимде қызмет көрсетеді

Қазақстанда 16 желтоқсан күні ХҚО-лар жұмыс істемейді
Фото: Azattyq Rýhy

Қазақстанда Тәуелсіздік күні мерекесіне байланысты 2025 жылдың 16 желтоқсанында, яғни сейсенбі күні халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚО) мен мамандандырылған ХҚО-лар жұмыс істемейді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Айта кетерлігі, жұмыс күндері ХҚО-лар, сондай-ақ мамандандырылған орталықтар, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін қызмет көрсетеді.

«Кезекші ХҚКО-лар жұмыс күндері 09:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күні 09:00-ден 13:00-ге дейін қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, кезекші мамандандырылған ХҚО-ларда өтініштерді қабылдау жұмыс күндері 09:00-ден 18:00-ге дейін жүргізіледі, ал дайын құжаттар 20:00-ге дейін беріледі. Ал сенбі күні өтініштер 09:00-ден 12:00-ге дейін қабылданып, дайын құжаттарды 13:00-ге дейін алуға болады», – делінген хабарламада

Серіктес жаңалықтары