11.12.2025, 22:37
Жаңалықтар
Қостанай облысында денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары ұсталды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті ведомство өкілінің ұсталғанын растады
Фото: Қостанай облысының Денсаулық сақтау басқармасы
Қостанай облысында Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ерболат Доспанов қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталып, сот оны қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қостанай облысы бойынша ҰҚК департаменті облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ерболат Доспановтың ұсталғанын хабарлады. Ол қызметтік өкілеттігін теріс пайдалану фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында өтіп жатыр», — деді облыс прокуратурасының баспасөз қызметі.
Сот Доспановқа қатысты қамауға алу туралы шешім шығарды. Қылмыстық істің өзге деректері ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.
Көп оқылған
29.10.2026, 15:26
Еңбекмин жәрдемақы алатын адамның ипотекасын да, несиесін де, отбасын асырауға кететін шығынын да есептейтін болды
29.10.2026, 15:11
Шәйнек түбіне жасырған: Жетісуда түрмеде жатқан адамға танысы шынашақтай телефон жібермек болған
29.10.2026, 12:29
Жұлдыз Сүлейменова мұғалімдер толтыратын 25 құжаттан бес-ақ қағаз қалдыратынын мәлімдеді
29.10.2026, 13:59
БҚО-да жайылып жүрген киікті атып алған ер адам сотталып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды