$ 520.02  608.79  6.57
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Көкшетау қаласының маңынан көлік қағып кеткен ер адамның мәйіті табылды

Полиция күдікті жүргізушіні зақымданған «ГАЗель» арқылы анықтады

Көкшетау қаласының маңынан көлік қағып кеткен ер адамның мәйіті табылды
Фото: Ақмола облысы ПД

Көкшетау қаласының маңында тасжолдан ер адамның мәйіті табылды. Күдікті зақымданған «ГАЗель» арқылы ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, осы жылдың 11 желтоқсанында сағат 00:58 шамасында полицияға Астана бағытына шығу жолында, Көкшетау-Рузаевка автожолында көлік қағып кеткен ер адам табылғаны туралы хабарлама келіп түсті.

«Полиция қызметкерлері оқиға орнына дереу жетті. Алдын ала анықталғандай, жаяу жүргіншіні қағып кетіп, содан кейін ЖКО орнынан қашып кеткен.

Көлік құралы мен жүргізушіні анықтау мақсатында «Тосқауыл» жоспары жарияланды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Көкшетау қаласының патрульдік полиция қызметкерлері үйлердің бірінің ауласынан ЖКО-ға тән көрінетін механикалық зақымдануы бар «Газель» маркалы автокөлікті анықтады», - делінген ПД хабарламасында.

Көлік жүргізушісі ұсталды. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Серіктес жаңалықтары