11.12.2025, 15:35
Жаңалықтар
Қазақстанда 2027 жылдан бастап балабақшалардың жұмысына қатысты өзгеріс болады
Олар міндетті лицензия алады
Фото: istockphoto.com
2027 жылдан бастап Қазақстанда балабақшалар лицензия алуға міндеттеледі. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде оқу-ағарту бірінші вице-министрі Майра Мелдебекова мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оның айтуынша, бұл мәселе министрліктің жеке бақылауында болады. Қазір лицензиялау үшін жергілікті атқарушы органдар тиісті жұмысты бастаған.
«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, кәсіпкер балабақша ашқанда жергілікті атқарушы органдар мен министрліктің аумақтық департаменттеріне хабарлауға тиіс. Енді бұл талаптар күшейеді», - дейді ол.
Айта кетейік, бұған дейін хабарлағынымыздай, Қазақстанда 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап балаларға арналған ұйымдарды мемлекеттік бақылаудың жаңа тәртібі күшіне енеді.
Көп оқылған
31.07.2026, 09:27
«Алдымыздан ешкім өткен жоқ»: марқұм Ұлдана Мырзуанның анасы экс-күйеу баласына қатысты видеоүндеу жасады
31.07.2026, 13:48
Жамбыл облысында ер адам көлігінің капотына 8,5 келі гашиш жасырып, Алматыға жеткізбек болған (ВИДЕО)
31.07.2026, 21:13
Оралда 18 жастағы бойжеткен жасөспірімді құтқарамын деп суға кетті
31.07.2026, 16:02
Тікелей эфирде былапыт сөз айтып, белдіксіз көлік жүргізген: Павлодар тұрғыны 20 күнін қамауда өткізетін болды