$ 520.02  608.79  6.57
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Алаяқтарға жемтік болу»: заңгер әлеуметтік желіде «Құпия Санта» ойнағандарға үндеу жасады

Ол жеке деректерді жарияламау керек деді

«Алаяқтарға жемтік болу»: заңгер әлеуметтік желіде «Құпия Санта» ойнағандарға үндеу жасады
Фото: видеодан скриншот

Заңгер Нұрсұлтан Орынбеков әлеуметтік желіде жеке деректерді жариялау алаяқтардың қақпанына түсетін тура жол деп отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жаңа жыл қарсаңында threads әлеуметтік желісінде «Құпия Санта» ойнау басталды. Ол бойынша кез келген адам өзінің банк картасын жазып, өзге біреулер оның шотына ақша жібере алады. Осылайша, көп адам картасына ақша түсіп жатқанын скриндеп салған еді. Алайда танымал заңгер бұл алаяқтарға жемтік болудың жолы деп отыр.

«Құпия Santa» ойыны үшін өз карталарының деректерін жариялағандардың назарына. Инстаграмда болсын, тредсте болсын, картамен байланысты ақпаратты (он алты таңбалы нөмірді) жариялау өте қауіпті. 16 таңбалы карта нөмірі бұл жеке дерек. Осы нөмір арқылы алаяқтар сіздің картаңыздың қай банкке тиесілі екенін, қай валютада екенін, карта түрін (Visa, MasterCard және т.б.) және басқа да техникалық ақпаратты анықтай алады. Яғни, сіз өз қолыңызбен алаяқтардың деректер базасына кіріп кетуге мүмкіндік беріп тұрсыз. Сондықтан, шұғыл түрде картаңызды ауыстырыңыз толық қауіпсіздік үшін карта нөмірі де, CVV-коды да жаңаруы керек. Жеке деректеріңізді әлеуметтік желілерге салмаңыз.Алаяқтардың арбауына түсіп қалмау үшін барынша сақ болыңыз», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары