Алматыда автобус пен бірнеше көлік соқтығысып, жасөспірім зардап шекті
Жол-көлік оқиғасы 7 желтоқсан күні шамамен 23:10 кезінде болды
Алматыда автобус пен бірнеше көлік соқтығысып, жол-көлік оқиғасынан 16 жастағы жасөспірім зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиғаның мән-жайын қалалық Полиция департаменті растап, агенттік тілшісіне түсініктеме берді.
Полицияның мәліметінше, 7 желтоқсан күні шамамен 23:10 кезінде Škoda маркалы автокөлік Chevrolet көлігімен соқтығысқан. Соққыдан кейін автокөлік аялдамада тұрған жолаушылар автобусына соғылып, инерциямен Volvo көлігімен қақтығысқан.
Желіде оқиға орнынан түсірілген кадрлар тараған болатын.
«Апат салдарынан 2009 жылы туған Škoda жолаушысы зардап шекті. Ол қаланың балалар ауруханаларының біріне жеткізілді. Істің мән-жайын Әуезов аудандық Полиция басқармасы тергеп жатыр», – деп хабарлады Алматы Полиция департаменті.