02.07.2020, 09:37
Жаңалықтар
Елімізде өткен тәулікте 1509 адамнан коронавирус анықталды
Жұқтырудың ең көп оқиғасы Атырау облысында тіркелген
Фото ашық дереккөзден
Өткен тәулікте Қазақстанда 1509 адамнан COVID-19 вирусы анықталды деп хабарлайды ведомствоаралық комиссия. Осылайша, елімізде аталған вирусты жұқтырғандардың жалпы саны 42 574-ке жетті.
Айта кетейік, соңғы бірер күннен бері ауру симптомы барлары мен жоқтары бірге есептеліп жатыр. Өткен тәулікте тіркелген бір жарым мың науқастың арасында:
- ауру белгілерімен – 528;
- ауру белгілері жоқ – 981 адам бар.
Өңірлер бойынша АЛматы мен Нұр-Сұлтан қалалары көш бастап тұр. Соңғы уақытта Атырау облысында да айтарлықтай өсім байқалады. Тек кешегі тәуліктің өзінде өңірде 287 адамнан вирус анықталған.
- Алматы қаласында - 5696 (+195),
- Нұр-Сұлтан қаласында - 5523 (+81),
- Қарағанды облысында - 4936 (+97),
- Атырау облысында - 4420 (+287),
- Шымкент қаласында - 3194 (+43),
- Батыс Қазақстан облысында - 2885 (+112),
- Алматы облысында - 2207 (+111),
- Түркістан облысында - 1745(+26),
- Шығыс Қазақстан облысында - 1628 (+111),
- Ақтөбе облысында - 1574 (+63),
- Жамбыл облысында - 1468 (+45),
- Солтүстік Қазақстан облысында - 1323 (+28),
- Қызылорда облысында - 1317 (+105),
- Ақмола облысында - 1298 (+52),
- Маңғыстау облысында - 1217 (+83),
- Павлодар облысында - 1198 (+59),
- Қостанай облысында - 945 (+11).
Көп оқылған
13.08.2026, 10:25
Шымкенттегі «Жайлаукөл» саябағында аттракционнан қыз бала құлап, қолын сындырып алды (ВИДЕО)
13.08.2026, 17:45
35 жеріне пышақ сұққан: Нұрай Серікбайды аяусыз өлтірген Шерхан Аймахан өмір бойына сотталды
13.08.2026, 11:25
Шымкентте аттракционда болған оқыс оқиғаға: полиция қылмыстық іс қозғады
Бүгін, 08:41
Оралда сегіз жасар қыз септикке құлап, көз жұмды