Қазақстанда жабайы табиғатқа 4160 дуадақ жіберілді
Олар Алматы, Маңғыстау, Түркістан және Қызылорда облыстарын мекен етеді
ҚР Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мен Дуадақты қорғаудың халықаралық қоры 2020 жылы табиғатқа 4160 дуадақ шығарды. Олардың 3236-сы БАӘ питомнигінде және 924-і Қазақстанда (Түркістан облысы) өсірілген. Бұл туралы мекеменің баспасөз қызметі хабарлады.
«2009-19 жылдар кезеңінде Қазақстан табиғатына 20 489 дуадақ және 625 ителгі жіберілді. Бақылауларға сәйкес олардың жаңа ортада өмір сүріп кету мүмкіндігі кемінде 50%-ды құрайды»,- делінген хабарламада.
2009 жылдан бастап Қазақстан аумағында жыл сайын жас дуадақтар шығарылады. Олар табиғи жағдайға бейімделіп, жабайы құстармен қатар күзде қыстайтын жерлерге ұшып кетеді. Көктемде оралған құстар көбеюге кіріседі және олардың ұрпақтары жабайы болып саналды.
«Сонымен қатар, көктемде шығарылған аналықтар да көбейе алады, ал еркектер негізгі массада 2-3 жылға жыныстық жетілуден өтеді», - делінген ақпаратта.
Дуадақ (Otis tarda) – Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. I санаттағы құрып кету қаупі төніп тұрған құс.