Павлодар облысында ішіп алған Камаз жүргізуші полициядан қашып кетпек болды
Бір күнде екі мас жүргізуші ұсталды
Павлодар облысында ішіп алған Камаз жүргізуші полициядан қашып кетпек болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыста бір тәулік ішінде әкімшілік полиция қызметкерлері 483 жол қозғалысы ережелерін бұзудың жолын кесті, 2 жүргізуші мас күйінде ұсталды, олардың бірі көлік басқарушысы, алайда көлік басқаруға құқығы жоқ.
Патрульдік полиция ротасының экипажы сағат 01.25 шамасында, Шідерті кентінің маңында, жүргізу тәсілі күдік тудырған Камазды тоқтатты. Көлік жолда сенімсіз және қауіпті маневрлермен жүрді, бұл инспекторлардың назарын аударды. Құжаттарды тексеру кезінде полиция жүргізушінің мас болу белгілерін байқады. Медициналық куәландыру жүргізуші мас күйінде екенін растады.
«Жүргізушінің көлік құралын басқаруға құқығы жоқ екені анықталды. Жүргізушіге қатысты әкімшілік материал жасалып, қарау үшін сотқа жіберілді. Естеріңізге сала кетейік, мас күйінде автокөлікті басқару – жол қозғалысының барлық қатысушыларының өмірі мен қауіпсіздігіне елеулі қауіп», – деп хабарлады Павлодар облысы ПД.
Тәртіп сақшылары профилактикалық рейдтерді жалғастыруда және жүргізушілерді заң мен жол тәртібін қатаң сақтауға шақырады.