Қазақстанның жеті қаласының тұрғындарына ескерту жасалды
«Қазгидромет» мәліметі жарияланды
Синоптиктердің мәліметінше, 27 қараша күні еліміздің жеті қаласында атмосферада ластаушы заттардың шоғырлануы күшейеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мұндай жағдай ауа райы факторларының үйлесуіне байланысты қалыптасады. Сол себепті зиянды қоспалар жерге жақын ауа қабатында жиналып, таралмай қалады.
«2025 жылдың 27 қарашасында Алматы, Қызылорда, Атырау, Шымкент, Ақтөбе, Орал және Жезқазған қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі», – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
ҚМУ деген не және ол несімен қауіпті?
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (НМУ) – бұл:
- тымық ауа;
- әлсіз жел;
- тұман;
- температуралық инверсия.
Олар ластаушы заттардың ауада таралуына кедергі келтіреді және олардың жиналуына себеп болады. Соның салдарынан, әсіресе тығыз құрылыс салынған немесе өнеркәсіптік аймақтарда, ауаның сапасы уақытша нашарлайды.