$ 518.68  600.27  6.58
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Гвинея-Бисау елінде төңкеріс болып, президенті қамауға алынды

23 қарашада Гвинея-Бисау елінде президент сайлауы өтті

Гвинея-Бисау елінде төңкеріс болып, президенті қамауға алынды
Фото: Reuters

Батыс Африкадағы Гвинея-Бисау елінің президенті Умару Сиссоку Эмбало елде төңкеріс болғанын және өзінің қамауда отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Jeune Afrique басылымының мәліметінше, президенттен бөлек Қарулы күштер Бас штабының бастығы генерал Бьяге На Нтан, оның орынбасары генерал Мамаду Туре және ішкі істер министрі Боче Канде де ұсталған.

Басылымның дерегінше, президент төңкеріс ұйымдастырды деп армия Бас штабының бастығын айыптап отыр.

23 қарашада Гвинея-Бисау елінде президент сайлауы өтті. Қолданыстағы президент өзін 65% дауыс жинады деп жариялаған, ал ресми нәтижелерді 27 қараша, бейсенбі күні жариялау жоспарланған еді. Дауыс беру тыныш өтті, алайда сайлауға оппозиция лидері Домингуш Симойнш Перейра жіберілген жоқ. Оппозиция атынан қатысқан Фернанду Диаш де Кошта да өзін жеңімпаз деп жариялаған.

Гвинея-Бисау 1974 жылы Португалиядан тәуелсіздік алғаннан бері Гвинея-Бисау бірқатар төңкерістерді бастан өткерген.

Серіктес жаңалықтары