$ 518.4  598.13  6.55
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елімізде алдағы күндері ауа райы жылы болады – синоптиктер болжамы

Антициклон әсерінен республика аумағында негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

Елімізде алдағы күндері ауа райы жылы болады – синоптиктер болжамы
Фото: istockphoto.com

«Қазгидромет» РМК алдағы үш тәулікке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанда алдағы күндері ауа райы жылы болады. Антициклон әсерінен республика аумағында негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Тек солтүстік және шығыс өңірлерде фронтальды бөліктермен кей жерлерде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын өтеді. Алайда антициклонның суық ауа массаларымен толығуы елдің басым бөлігінде ауа температурасының төмендеуіне әкеледі.

«29 қарашада түнгі уақытта солтүстік өңірлерде термометр бағандары минус 8-13°С дейін, ал оңтүстік жартысында минус 2-7°С дейін төмендейді», – делінген синоптиктердің болжамында.

Серіктес жаңалықтары