$ 518.4  598.13  6.55
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Өскеменде ер адам ұрлыққа түсіп, 10 млн теңге мен алтын бұйымдарды қолды еткен

Аталған факті бойынша «Ұрлық» бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды

Өскеменде ер адам ұрлыққа түсіп, 10 млн теңге мен алтын бұйымдарды қолды еткен
Фото: istockphoto.com

Өскемен қаласының тұрғынының үйіне белгісіз адам терезе арқылы кіріп, 10 млн теңгеден астам ақшасы мен қымбат әшекейлерін ұрлап кеткен. Күдікті ұры қолға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ШҚО Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, полицияға Өскеменнің 34 жастағы тұрғыны хабарласып, үйіне бөтен адамның кіргенін айтқан.

«Алдын ала деректер бойынша, күдікті дәліздегі пластик терезені бұзып ашып, ақша мен әшекей заттарды қолды қылған. Келтірілген шығын 10 миллион теңгеден асты», – деп мәлімдеді ШҚО ПД.

Жедел іс-шаралар барысында полицейлер 33 жастағы ер адамды ұстап, оның қылмысқа қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Аталған факті бойынша «Ұрлық» бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Сонымен бірге оның басқа да осындай қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр.

Ұрланған ақша мен әшекей бұйымдар иесіне қайтарылды.

ШҚО Полиция департаменті өңір тұрғындарына қауіпсіздік шараларын күшейтуді, дабылқаққыш орнатуды, сенімді құлыптар қолдануды және терезелерге тор орнатуды ұсынды.

Серіктес жаңалықтары