$ 518.4  598.13  6.55
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Каспий құбыр консорциумына жасалған шабуыл: Энергетика министрлігі жағдайды түсіндірді

24 қыркүйекте Каспий құбыр консорциумының Новороссийскідегі кеңсесіне дрондар шабуыл жасағанын

Каспий құбыр консорциумына жасалған шабуыл: Энергетика министрлігі жағдайды түсіндірді
Фото: Каспий құбыр консорциумының баспасөз қызметі

Қазақстанның Энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумының (КҚК) теңіз терминалында болған оқиғаға байланысты хабарлама таратты, деп жазады Azattyq Rýhy ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрлік мәліметінше, қазіргі уақытта КҚК жүйесі арқылы қазақстандық мұнайды экспортқа тасымалдау және жөнелту бекітілген кестеге сәйкес, қалыпты режимде жүріп жатыр.

«25 қарашадағы оқиғаға қатысты: қолда бар деректерге сай, теңіз терминалының әкімшілік корпусы зақымданған. Бұл жағдай өндірістік процеске әсер еткен жоқ. Қазақстан аумағындағы учаскеде жүк жөнелтушілерден мұнай қабылдау шектеусіз жүргізіліп жатыр», – деп түсіндірді министр кеңесшісі – Энергетика министрлігінің ресми өкілі Әсел Серікбаева.

Ведомство өкілдері жағдай олардың тұрақты бақылауында екенін, жаңартылған ақпарат пайда болған жағдайда қосымша хабарланатынын атап өтті.

Осыған дейін, 24 қыркүйекте Каспий құбыр консорциумының Новороссийскідегі кеңсесіне дрондар шабуыл жасағанын хабарлаған болатын. Салдарынан компанияның екі қызметкері әртүрлі деңгейде жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілген. Әкімшілік кеңсенің жұмысы уақытша тоқтатылып, қызметкерлер эвакуацияланған.

Серіктес жаңалықтары