$ 518.4  598.13  6.55
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Маңғыстау облысында бозбала автомобиль жүргіземін деп патруль көлігіне соғылды

Көлікті 17 жастағы жасөспірім жүргізген

Маңғыстау облысында бозбала автомобиль жүргіземін деп патруль көлігіне соғылды
Фото: Lada.kz

Маңғыстау облысына қарасты Бейнеу ауылында бейнебақылау камералары патрульдік автокөлік пен Toyota Camry көлігінің соқтығысқан сәтін түсіріп алды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жол апаты 25 қараша күні болды. Видеодан Toyota жоғары жылдамдықпен полицияның қызметтік көлігіне соғылғаны көрінеді. Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жеңіл көлікті 17 жастағы жасөспірім басқарған.

Кәмелетке толмаған жүргізушінің ата-анасы баласына белгіленген жасқа толмай көлік жүргізуге рұқсат бергені және тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ. Оқиға бойынша қызметтік тексеріс тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары