$ 493.36  572.84  6.29
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.03.2026, 12:16
Қаржы

ЦентрКредит Банкі кәсіпкер әйелдерге арналған Business-Aru жобасын жариялады

Business-Aru – жеке ісін бастауды немесе қолданыстағы бизнесін дөңгелетуді мақсат еткен қазақстандық әйелдерге арналған тегін оқу бағдарламасы әрі бизнес-жоспарлар сайысы

ЦентрКредит Банкі кәсіпкер әйелдерге арналған Business-Aru жобасын жариялады
Фото: ЦентрКредит Банкі

ЦентрКредит Банкі Mastercard-пен бірлесіп және Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚҚБ) қолдауымен Business-Aru гранттық жобасын жариялады. Өтінімдер биыл 6 наурыздан бастап қабылданады. Аталмыш жоба – Қазақстандағы әйелдер кәсіпкерлігін өркендетуге және қолдауға бағытталған білім беру мен байқауды ұштастырған бірегей алаң, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Business-Aru – жеке ісін бастауды немесе қолданыстағы бизнесін дөңгелетуді мақсат еткен қазақстандық әйелдерге арналған тегін оқу бағдарламасы әрі бизнес-жоспарлар сайысы. Қатысушылар қаржы, маркетинг, сауда және менеджмент салалары бойынша дәріс алып, кейін өздерінің жеке бизнес-жоспарларын әзірлеп, қазылар алқасының алдында қорғайды. Жобаға 18 жастан асқан қыз-келіншектер қатыса алады. Олардың қатарында ісін жаңа бастағандар да, кәсібін кеңейткісі келетін тәжірибелі кәсіпкерлер де болуы мүмкін.

«Өткен жылы жоба нәтижелері біз ойлағаннан де асып түсті. Еліміздің түкпір-түкпірінен үш мыңнан астам әйел қатысып, 44 финалист өз бизнес-жоспарын сәтті қорғап шықты. Бүгінде жеңімпаздар банк көмегімен өз идеяларын жүзеге асырып жатыр. Біз еліміздегі әйелдер кәсіпкерлігінің зор әлеуетін көрдік, сондықтан Business-Aru жобасын жыл сайын өткізу туралы шешім қабылдадық», – деп атап өтті ЦентрКредит Банкінің президенті Руслан Владимиров.

Тіркелу тәртібі туралы толық ақпаратты банктің ресми сайтынан біліп, өтінім жолдауға болады.

ҚНРДА 03.02.2020 ж. берген №1.2.25/195/34 лицензиясы.