Сауалнамаға қатысқандардың 78 пайызы конституциялық реформаны қолдайды - Жандос Шаймарданов
Жуырда Қазақстанда сауалнама өткен
Жақында Қоғамдық пікір институты жүргізген сауалнаманың нәтижесіне сенсек, респонденттердің 78 пайызы жүріп жатқан конституциялық реформаны уақытылы деп бағалайды. Бұл туралы Конституциялық комиссияның бүгінгі отырысында Стратегиялық зерттеулер институтының басшысы Жандос Шаймарданов мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Оның айтуынша, сауалнамаға қатысқандардың 65 пайызы осы реформа өмірлеріне оң әсер етеді деген пікірін білдірді.
«Өткен отырыста комиссия жаңа Конституция жобасын жариялауды ұсынды. Конституция жобасы жарияланған сәттен бастап қоғамдық талқылау айтарлықтай жандана түсті. Азаматтардың өтініштері мен ұмсыныстары е-өтініш платформасына әлі де келіп түсуде. Қазіргі таңда олардың жалпы саны 4 мыңнан асты», - леп хабарлайды Жаймарданов.
Шаймарановтың айтуынша, ұсыныстар тек азаматтардан ғана емес, сарапшылардан да келіп жатыр. Сонымен қатар, авдокаттар қауымдастығынан да келіп жатқандары да аз емес.
Осы үш отырыс аазаматтардың көтеріп отырған мәселелері мен бастамаларын үш негізгі бағытқа бөліп берді:
- Конституцияның қоғамдық санадағы рөлін қайта пайымдау;
- Ұсыныстардың екінші топтамасында заң үстемдігі мен әділеттілік принциптерін нығайту мәселесі айтылған;
- Келіп түскен ұсыныстардың үшінші топтамасы – мемлекеттің және білім беру жүйесінің зайырлы сипатын конституциялық негізде көбейту.