$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.07.2020, 11:41
Оқиғалар

Ақмолада ер адам із-түзсіз жоғалып кетті

Ол осыдан бір ай бұрын жұмыс істеу мақсатында үйінен кетіп, сол күйі оралмаған 

Ақмолада ер адам із-түзсіз жоғалып кетті

Ақмола облысында үйінен жұмыс іздеп шыққан Бұланды ауданы Макинск селосының тұрғыны хабар-ошарсыз кеткен. Тәртіп сақшыларының іздеу шараларын жүргізіп жатқанына бір аптадан асты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жоғалған ер адам осыдан бір ай бұрын жұмыс істеу мақсатында үйінен кетіп, сол күйі оралмаған. 

«Осы жылдың 23 маусымында Ақмола облысы Бұланды аудандық полиция бөліміне Макинск қаласының 51 жастағы тұрғыны телефон шалып, 57 жастағы жұбайы Михаил Поповтың із-түзсіз жоғалып кеткенін хабарлады. Әйелдің айтуынша, ол Ақкөл ауданы Новорыбинка селосына табыс табу мақсатында кеткен. Жұбайымен соңғы рет 4 маусымда телефон арқылы байланысқа шыққан. Әйелі жоғалған күйеуін алдымен өз бетінше іздеуге тырысқан. Он тоғыз күн бойы тамыр-таныстарынан сұрап, жұмыс істеген жеріне барып шарқ ұрған. Бірақ еш нәтиже шықпаған соң, полицияға жүгінуге мәжбүр болыпты. Қазір Михаил Поповты іздеу шаралары жүріп жатыр. Бірақ осы уақытқа дейін оның қайда жүргені белгісіз күйде қалып отыр», - деді  Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Әсем Әбдірахманова.

Жоғалған азаматтың бойы шамамен 165-170 сантиметр, жұқалтаң денелі, шашы қысқа алынған, қалың мұрт қойған. Жоғалған сәтте үстінде қара түсті шалбар мен ақ түсті жейде болған. 

Полиция жоғалған ер адамның таныстары мен туыстарына сұрау жүргізген. Сондай-ақ, арнайы топтар Ақмола облысының барлық аумағында іздеу шараларын ұйымдастыруға кіріскен.

Тәртіп сақшылары жоғалған ер адамның қайда жүргені жайлы қандай да бір ақпарат білген адамдар болса «102» арнайы желісіне немесе құқық қорғау органдарына хабарласуды сұрайды.

Абзал Алпысбайұлы, Ақмола облысы

Серіктес жаңалықтары