$ 519.98  600.06  6.6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Танымал әнші Мұқасанның үстінен қылмыстық іс қозғалды

Бұл туралы полиция департаменті хабарлады

Танымал әнші Мұқасанның үстінен қылмыстық іс қозғалды
Фото: instagram.com/zhan_ahmadiev

«Нұр-Мұқасан» тобының бұрынғы әншісі Мұқасан Шахзадаевтің үстінен адамды ұрып-соғуға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы ақпаратты редакциямызға Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Оның үстінен 22 қараша күні арыз жазылғаны белгілі болды.

«22 қараша күні Наурызбай аудандық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын азамат М. және өзге де бірнеше тұлғалардың тарапынан оған дене жарақатын салу дерегі бойынша арызбен жүгінді. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деп хабарлады полиция департаменті.

Қазір тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу бастаған.

«Тергеу объективті, толық және жан-жақты жүреді. Тергеу нәтижесіне сай тиісті шешім қабылданады», - деп хабарлайды Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, «Нұр-Мұқасан» тобының бұрынғы әншісі Мұқасан Шахзадаев өзінің орнына келген Ғалымжан Сүлейменді достарымен бірге аяусыз ұрып-соққаны туралы ақпарат тараған еді. 

Серіктес жаңалықтары