$ 518.66  597.44  6.56
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақмоланың полициясы тас жолдың төбесіне дрон ұшырып, ереже бұзған жолаушыларды ұстап жатыр (ВИДЕО)

Қазір «Қауіпсіз жол» акциясы өтіп жатыр

Ақмола облысының жол полициясы трассаға дрон ұшырып, жол ережесін бұзған адамдарды қолға түсірген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мәселен, «Астана-Петропавл» бағытында келе жатқан Subaru Outback көлігінің жүргізушісі белгіні ескермей, қарсы бағытқа шығып кеткен. біраз жүргеннен кейін оны полиция ұстап, айыппұл салды.

Ақмола облысы полиция департаментінің патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары Асан Байқанов атап өткендей, дрон бұндай ереже бұзу фактілерін видеоға түсіруде көп көмек тигізеді.

«Дрон экипаж үнемі бара алмайтын жерлерді бақылауда көмегін тигізеді. Осы құралдың арқасында біз қауіпті маневрлерді уақытылы тіркеп, жол апаттарының алдын аламыз», - деді ол.

Жалпы, дрон арқылы осындай 30 жүргізуші анықталған екен.

Серіктес жаңалықтары