$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.07.2020, 09:33
Оқиғалар

Алматыда 85 және 96 жастағы қариялардың неке қию рәсімі өтті

Неке қиюдың бір өзгешелігі, карантинге байланысты неке сарайының терезесі арқылы өткізілді

Алматыда 85 және 96 жастағы қариялардың неке қию рәсімі өтті

Алматыда ерекше неке қию рәсімі өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Бірінің жасы 80-нен асқан, ал екіншісі 90-ды еңсерген қариялар көп жылдан кейін некесін заңдастырды. Олардың махаббат бұлағынан нәр алған оқиғасына арна тілшілері де куә болып қайтты.

Мұнда некені рәсімдеу шаралары барлығына бірдей, жас ерекшелігіне қарамайды. Тіпті, неке жүзіктерімен алмасу да дәстүрге сай жүргізілді. Тек бұл неке қиюдың бір өзгешелігі, карантинге байланысты әдеттегідей салтанат залында емес, неке сарайының терезесі арқылы өткізілді. Тағы бір қызығы, ерінің жасы 85-те, жары 96-да.

Бұл жұптың махаббаты сонау 1985 жылдан басталыпты. Бастапқы кезде достық қарым-қатынас болған. Елена Иванқызы опера театрында көп жыл еңбек етіп, зейнетке шыққан. Бірақ үйде қарап отыра алмай, қайта жұмысқа шығады.

«Жас техниктер станциясында жұмыс істей бастадым. Біз Андрей Михайловичпен сол жерде таныстық. 35 жыл жолдас болдық», - дейді Елена Ештокина.

Андрей Михайлович жас техниктер станциясында ұлдарға шеге қағуды, ұшақ  жасап, ғарыш кемелерін құрастыруды үйреткен. Әрине, оның бәрі макет болатын. Ең басты мақсат – балаларды ынталандырып, білімге, өнертапқыштыққа бейімдеу еді. Елена Ивановна өзі шығармашылық ортадан шыққандықтан, оның өнеріне тәнті болады. Ол опера театрында ариялар орындамаған, хорда ән айтқан. Бірақ үнемі жеке партиясы болғанын армандапты. Енді міне, көп жыл жағыздықтан кейін жеке өмірім басталды, көптен күткен арманым орындалып, жар атандым деп әзілдейді.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Алматы #неке қию