01.07.2020, 04:39
Оқиғалар
Маңғыстау облысында пневмонияға шалдыққандар саны күрт көбейді
70 адамның жағдайы ауыр
Маңғыстау өңірінде пневмонияға шалдыққандар күрт көбейді, деп хабарлайды «Хабар 24.
«Науқастардың саны мыңға жетіп қалды. 70 адамның жағдайы ауыр. Тағы 13 сырқаттың жанын сақтап қалуға дәрігерлер барын салып жатыр. Соңғы уақытта жергілікті стационарларға 144 адам түскен. Өкінішке қарай 19 науқас қайтыс болды», - делінген арна тарaтқан ақпаратта.
Облыста 4 денсаулық сақтау мекемесі індет жұқтырғандарды қабылдайды. Орын тапшылығы болған жағдайда теннис орталығындағы стационар дайын тұр. Облыстық аурухананың «В» блогында қосымша провизорлық орын жасақталды. Бірақ ол жерге медицина қызметкерлері жетіспейді. Қазір ең кемі 25 дәрігер керек. Апта соңына дейін Ақтөбеден 20 маман келуі тиіс.
Көп оқылған
04.11.2026, 17:54
Қуандық пен Сағындық: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Қозыке әулетінің құпиясын жайып салды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:09
Павлодарда мектеп басшылығы екі оқушы қыздың зорланғаны туралы полицияға хабарлаған
Бүгін, 02:13
Қыздарына барып келе жатқан: ерлі-зайыпты Астана – Петропавл тас жолында жол апатынан қаза тапты
04.11.2026, 15:24
«Полиция формасын хэллоуинге теңеген»: әйел адам әзілдемеймін деп басы дауға қалды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:32
Қайғылы жағдай: Текеліде 11 жастағы қыз баланы экскаватор басып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды