16.11.2025, 02:01
Оқиғалар
Ақсуда жұмысшы қатты күйіп қалды
Жәбірленушінің денесінің 60-65 пайызын термиялық күйік шалған
Фото: istockphoto.com
Ақсуда жұмысшыны күйік шалды. Оның жағдайы ауыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы Асқар Қапановтың айтуынша, 12 қарашада Ақсу ферроқорытпа зауытында жазатайым оқиға болды. Бір жұмысшы зардап шекті.
«Қазіргі уақытта жазатайым оқиғаны тергеу жұмыстары ұйымдастырылып жатыр. Тергеу аяқталғаннан кейін жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталады», – деді ол.
Ақсу қалалық ауруханасының жансақтау бөліміне түскен жәбірленушінің денесінің 60-65 пайызын термиялық күйік шалған. Оның жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. 29 жастағы ер адам емделіп жатыр.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 16:26
Теміртауда бірнеше ай бұрын жоғалып кеткен әйелдің мәйіті табылды
13.11.2026, 12:22
Қазақстандықтар 17 қарашада интернетсіз және азық-түліксіз қалуы мүмкін бе: министрліктер жауап берді
13.11.2026, 14:26
Ақтауда машина жарылып, газ баллоны аспанға ұшып кетті
