Полицей жазылып үйіне шыққан
Бұған дейін хабарлағынымыздай, Қарағандыдағы учаскелік пунктердің бірінде әйел адамның мәйіті мен ес-түссіз жатқан полицей табылған еді. Бүгін облыстың полиция департаменті осы қызметкердің ауруханадан шыққаннын растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бірақ, анықталғандай, полицей ауруханадан ғана емес, жұмыстан да шығып қалған екен.
«Әйел адамның өліміне қатысты тергеу жалғасып жатыр. Бұрынғы учаскелік инспектор ауруханадан шықты. Және теріс мінездемемен ішкі істер органдарының қатарынан да шықты», - деп хабарлайды Қарағанды облысының полиция департаменті.
Қаза тапқан әйел – 23 жастағы Эльмира есімді азаматша болған. Оның артында төрт жасар ұлы қалған.