$ 547.57  642.63  6.68
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Күнде анасын сұрайды»: Қарағандыдағы полиция учаскесінде көз жұмған әйелдің артында 4 жасар ұлы қалған (ВИДЕО)

Учаскелік инспектордың жағдайы жақсарып келеді

«Күнде анасын сұрайды»: Қарағандыдағы полиция учаскесінде көз жұмған әйелдің артында 4 жасар ұлы қалған (ВИДЕО)
Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қарағандыдағы учаскелік полиция бөлімінде әйел адамның мәйіті мен ес-түссіз жатқан полицей табылған еді. Жергілікті «Патриот» Telegram-арнасының мәліметінше, қаза тапқан әйел – 23 жастағы Эльмира есімді азаматша болған. Оның артында төрт жасар ұлы қалған, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Ал 36 жастағы инспектордың жағдайы ауыр, бірақ жақсару бар», – деп хабарлады Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы.

Полиция майоры есін жиса, оны құқық қорғау органдары тергемек.

«Эльмираның төрт жасар баласы күнде анасын іздейді. Ал жақындары қазір сараптаманың қорытындысын күтіп отыр. Марқұм жұмыс істемеген, баласын өзі тәрбиелеп отырған. Ауруханаға түскен полиция қызметкерін білетін», – деп хабарлады Telegram-арна.

Серіктес жаңалықтары