$ 547.57  642.63  6.68
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Әйел болып танысып, пәтерге шақырады»: Алматыда ақша бопсалаушылар көбейген

Олар «зорлады» деп шағым түсіреміз деп қорқытады

«Әйел болып танысып, пәтерге шақырады»: Алматыда ақша бопсалаушылар көбейген
Фото: Алматы ПД

Алматыда әлеуметтік желі арқылы ер адамдармен танысып, пәтерге шақырып, артынан бопсалаған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұған дейін әлеуметтік желіде қылмыскерлер өзін әйел ретінде көрсетіп, ер адамдармен танысқан бірнеше жағдай тіркелген. Хабарлама алмасып, жәбірленушінің пәтерінде кездесу ұйымдастырғаннан кейін оның «таныстары» келіп, өздерін ағасы немесе туысы деп таныстырады. Олар жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық туралы шағым түсіреміз деп қорқытып, ақша бопсалаған.

Жетісу ауданының полиция қызметкерлері тағы да осындай бір оқиғаның үстінен түсті. Күдікті ретінде әйел мен оның екі сыбайласы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталған.

«Қала тұрғындарына ескерту: интернет арқылы танысу әрдайым қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан бейтаныс адамдарға сенбеуге, сақ болуға, егер қорқыту немесе бопсалау жағдайы орын алса, дереу полицияға хабарлауға шақырамыз. Әрбір осындай дерек мұқият тексеріліп, кінәлілер заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады», – деді Жетісу аудандық полиция Басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.

Серіктес жаңалықтары