$ 522.49  601.07  6.47
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Маңғыстауда мысық тістеп алған ер адам көз жұмды

Ол дер кезінде медициналық көмекке жүгінбеген

Маңғыстауда мысық тістеп алған ер адам көз жұмды
Фото: istockphoto.com

Маңғыстау облысының тұрғыны қаңғыбас мысық тістеп алғаннан кейін құтыру ауруынан көз жұмды. Бұл туралы Lada.kz сайты облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне сілтеме жасап жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мамандардың айтуынша, ол дер кезінде медициналық көмекке жүгінбеген.

Биылғы жылдың алғашқы тоғыз айында Маңғыстау облысында 1351 адамды жануарлар тістеген немесе тырнап алған.

«Олардың 52%-ы – балалар, 4,4%-ы –  жасөспірімдер және 43,4%-ы – ересектер. 823 адамды ит қауып алған, 461 адамды мысық және 67 адамды басқа жануарлар (жылқы, тышқан, түлкі және т.б.) тістеген», - дейді Аса қауіпті инфекциялар мен туберкулезді бақылау департаментінің бас маманы Жарас Белгібаев.

Жыл басынан бері 1351 адам көмекке жүгінді. Олардың 801-іне құтыруға қарсы вакцина егілді, ал 544-іне иммуноглобулин берілді. Жалғас Белгібаевтың айтуынша, иммуноглобулин инфекция қаупі жоғары болған кезде, жарақаттың орналасқан жері мен ауырлығына байланысты қолданылады.

Маман жануарлар тістеп, тырнап немесе шағып алған жағдайда дереу медициналық көмек көрсетілуі қажет екенін еске салды. Сонымен қатар медициналық мекеме белгілеген құтыруға қарсы вакцинация кестесін қатаң сақтау маңызды.

«Құтырудың алдын алу үшін уақтылы вакцинация жүргізу қажет», - деп түйіндеді Жалғас Белгібаев.

Серіктес жаңалықтары