03.11.2025, 15:32
Оқиғалар
«Адасып қалған»: құтқарушылар жоғалып кеткен бақташыны тікұшақпен Жезқазғанға жеткізді (ВИДЕО)
Адасып кеткен ер адам Қызылжар ауылынан 100 шақырым жерде табылған
Фото: скриншот
Төтенше жағдайлар қызметінің құтқарушылары Ұлытау облысының Қызылжар ауылы маңында табылған ер адамды шұғыл түрде Жезқазғанға жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Дереккөзге сүйенсек, бақташы мотоциклге мініп, мал жаюға кеткен. Бірақ, үйіне оралмаған. Жергілікті ақпарат құралдарының жазуынша, дәрігерлер ер адамды ауруханаға жіберген.
«Ауыл тұрғындары оны Қызылжар ауылынан 105 шақырым жерде тапты. Оқиға орнына келген құтқарушылар тікұшақ шақырып, оны Жезқазғанға жеткізді», - деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
Оның қалай жараланғаны және денсаулығына байланысты өзге ақпарат айтылмаған.
Көп оқылған
23.09.2026, 09:43
Талдықорғанда 40-тан асқан әйел іш киіммен тікелей эфирге шығып, боғауыз сөздер айтқан (ВИДЕО)
23.09.2026, 11:50
«Байыпсыз блогер мен кереғар коучке еліктейді»: депутат жастарға білім-ғылымды насихаттау мәселесін көтерді
Бүгін, 15:22
Тоғыз сарбаз қаза тапты, тағы жетеуінен хабар-ошар жоқ: Ақтауға Қанат Бозымбаев аттанды
23.09.2026, 15:33
Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады: үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
23.09.2026, 16:38
Қазақстанда доллар бағамы 445 теңгеге дейін түсіп қалды