31.10.2025, 13:00
Оқиғалар
Атырауда мүгедек әженің бетін күйдіріп, тонап кеткен адам 55 жастағы әйел болып шықты
Бұл туралы Атырау облысының полициясы хабарлады
Фото: istockphoto.com
Бірнеше күн бұрын жазғанымыздай, Атырау облысы Жылыой ауданында екінші топтағы зейнеткерді белгісіз біреу тонап кеткен еді. Оның үйіне баса-көктеп кірген ұры зейнеткердің бетіне сірке суын шашып жіберген болатын. Бүгін Атырау облысының полициясы күдіктіні анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полицияның мәліметіне сүйенсек, осы қылмысты жасады деген күдікпен 55 жастағы әйел ұсталған.
Бетіне сірке суы тиген 62 жастағы зейнеткерді дәрігерлер қарап, үйіне жіберген екен. Полиция «зорлық қолдану арқылы жасалған тонау фактісі» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастаған. Күдікті әйел изоляторда отыр.
Көп оқылған
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
29.09.2026, 14:25
«16 жеріне пышақ сұққан»: Астанада әйел адамның өлімінен кейін 4 экс-полицей ұсталды (ВИДЕО)
29.09.2026, 09:32
«Қалай болғанда да жетемін»: Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соғылып, бір адам көз жұмды
29.09.2026, 17:39
«Мен де аза тұтуым керек пе?»: блогер Ирина Антоненко қаралы күні эфирде билеп, былапыт сөздер айтты (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:35
Астанада жүкті әйелдің егіз сәбиі шетінеп кетті