29.10.2025, 14:30
Оқиғалар
«ҰБТ тапсыруға көмектесемін»: Павлодарда 1 млн теңгені қалтасына басқан экс-мұғалім ұсталды
Оның қазір басқа қылмыстарға қатысы бар ма, жоқ па деген мәселе тергеліп жатыр
Фото: Pixabay.com
Павлодарда «ҰБТ тапсыруға көмектесемін» деген желеумен бір адамнан 1 млн теңге алған экс-мұғалім қолға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Полицияға арыз жазған ер адамның айтуынша, Павлодар қаласындағы мектептердің бірінде бұрын мұғалім болып жұмыс істеген азамат «ҰБТ тапсыруға көмек көрсетемін» деген желеумен одан 1 млн теңге көлемінде ақша алған. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта күдіктінің өңір аумағында осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоқ екені тексеріліп жатыр», - деп хабарлайды полиция департаменті.
Жалпы, жыл басынан бері Павлодар облысында 1872 киберқылмыс тіркелген екен.
Көп оқылған
03.11.2026, 09:00
Ақ халатты жандарға жұдырық ала жүгірген: Қазақстанда дәрігерді ұрғандар қанша жылға сотталды
03.11.2026, 17:36
Ақтөбеде неке қию залына келген әйел адамды бұрын бірге тұрған серігі өлтіріп кетті
03.11.2026, 14:33
«Мен сіздерді ақша жинауға мәжбүрледім бе?»: Алматы облысында жолға жауаптылар тағы да «футбол» ойнап жүр (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды