29.10.2025, 10:35
Оқиғалар
Ұлытау облысында есірткі сатқан екі жігіт жеті мың адамның көзінше 18 жылға сотталды (ВИДЕО)
Прокуратура қылмыстың алдын алу үшін осындай соттар ұйымдастырып жүр
Фото: istockphoto.com
Ұлытау облысының прокуратурасы есірткі қылмысының алдын алу үшін осы облыстың жастарына, әсіресе, кәмелет жасына толмаған балаларды есірткі тұтынуға итермелеген, трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысып, есірткі сатқан екі жігітті жеті мыңға жуық адамның көзінше 18 және 16 жылға соттады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Онлайн форматта өткен сотты 6 мыңнан астам студент пен 600-ге жуық оқытушы көрген.
«Ұлытау облысының прокуратурасы жастар мен педагогтерге есірткі құралдарын заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, өткізу немесе жарнамалаудың қатаң қылмыстық жауаптылыққа әкелетінін түсіндірді», - деп хабарлайды прокуратура.
Көп оқылған
04.11.2026, 17:54
Қуандық пен Сағындық: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Қозыке әулетінің құпиясын жайып салды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:09
Павлодарда мектеп басшылығы екі оқушы қыздың зорланғаны туралы полицияға хабарлаған
04.11.2026, 09:00
Түркия, Оңтүстік Корея, Ресей: биыл әлемнің қай елдерінде қазақстандықтар көз жұмды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды