$ 538.13  624.88  6.64
День конституции
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

БҚО-да екі қабатты мейрамхана мен дүкен өртенді

Өрт 450 шаршы метр аумақты шарпыды

БҚО-да екі қабатты мейрамхана мен дүкен өртенді
Фото: ТЖМ

Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданына қарасты Достық ауылында екі қабатты мейрамхана мен оған жапсарлас дүкеннің төбесі өртенді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өрт 450 шаршы метр аумақты шарпыды

Министрліктің мәліметінше, оқиға 26 қазан күні таңертең болған. Өрт сөндірушілер жоғары дәрежедегі шақырту бойынша жетіп, жалынды бірнеше бағыттан лафеттік оқпандармен сөндірген.

Қауіпті жалын дүкеннің ішіне және бірінші қабатқа таралмай тоқтатылды.

ТЖМ өкілдері жарақат алғандар жоқ екенін хабарлады.

Мамандар ескертуі

Ведомство қоғамдық тамақтану орындары үшін өртке қарсы қауіпсіздік талаптарын сақтау маңызды екенін еске салды.

«Мейрамханалар автоматты өрт дабылы, эвакуацияны басқару жүйесі және алғашқы өрт сөндіру құралдарымен міндетті түрде жабдықталуы тиіс», – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары