$ 538.11  623.51  6.61
День конституции
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Үкімет Ақтөбедегі ірі жол апатына қатысты комиссия құрды - оны Бозымбаев басқарады

Премьер-министр сондай тапсырма берген 

Үкімет Ақтөбедегі ірі жол апатына қатысты комиссия құрды - оны Бозымбаев басқарады
Фото: Ақорда

Ақтөбе облысындағы жол апатының себептерін тергеу үшін үкіметтік комиссия құрылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасымен Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Бөгетсай ауылының маңында болған жол-көлік оқиғасының себептерін анықтау мақсатында үкіметтік комиссия құрылған. 

Комиссия жұмысты дереу бастау, жол апатының себептерін жан-жақты тексеріп, қаза болғандар мен зардап шеккендердің отбасыларына алғашқы көмек көрсету керек. 

Комиссияға Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев жетекшілік етеді. Оның құрамына Ішкі істер, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Денсаулық сақтау және Көлік министрліктерінің жетекшілері, сондай-ақ Ақтөбе облысы әкімдігінің басшылығы енді.

Комиссияның негізгі міндеті – оқиғаға қатысты барлық мән-жайларды мұқият зерттеп, тиісті шаралар қабылдау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында ұсыныстар әзірлеу.

Серіктес жаңалықтары