$ 538.11  623.51  6.61
День конституции
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Дәрігер оянбай қойған»: Арыста 4 жасар бала бір аптадан бері комада жатыр (ВИДЕО)

Ауыл ауруханасында қажетті аппарат жоқ 

Арыста 4 жасар бала жансақтау бөліміне түсті. Ата-анасының айтуынша, дәрігерлер сәбиге 6 сағат бойы көмек көрсетпеген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жетінші арна мәлім еткендей, балабақшадан оралған соң Әлирахманның қызуы көтерілген, кейін денесі қалшылдап, дірілдей бастаған. Әкесі түнгі сағат 3 жарымда жедел-жәрдеммен баланы ауруханаға жеткізген. Алайда дәрігерді сағаттап күтуге тура келген.

«Біз түнгі үш жарымда ауруханаға келдік. Медбике қабылдады, бірақ бізді үйге қайтармақ болды. Бір сағаттан кейін ұлым тағы да дірілдей бастады. Медбике «қазір дәрігер келеді» деумен болды. Тек мұрнына оттегі аппаратын қойды, басқа ешқандай көмек көрсеткен жоқ. Сол медбике полицияға түсініктеме бергенде, кезекші дәрігердің ұйықтап жатқанын, оны үш рет барып, оята алмағанын жазып беріпті. Олардың салғырттығынан балам комаға түсті», - дейді әкесі Муазхан Маутов.

Ата-анасының айтуынша, сәбиді сол жатқаннан таңғы сағат 9-да бір-ақ қараған. Аурудан қатты қиналған бала есінен танып қалған.

Әлирахманның анасы Ұлжалғас Жүзейдің айтуынша, ұлының жағдайы өте ауыр. Осы уақытқа дейін қажетті ем жасалмаған. Ауруханада қарапайым компьютерлік томограф жоқ. Дәрігерлер диагноз қоя алмай отыр. Мамандар науқастың жағдайы долда нашарлауы мүмкін деп облыстық ауруханаға жіберуге қорқып отыр.

Арыс аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Марат Толегенов бұл айыптаулармен келіспейді. Оның айтуынша, сол түні ауруханаға 35 адам жүгінген, ал кезекші дәрігер өз міндетін орындап жүрген. Қазір бұл жағдай бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр.

4 жастағы Әлирахман Сейтхан бір аптадан бері жансақтау бөлімінде жатыр. Баланың ата-анасы облыстық деңгейдегі мамандарды тартуды және Денсаулық сақтау министрлігінің назар аударуын сұрайды.

Серіктес жаңалықтары