Іске қатысты қызметтік тексеріс басталған болатын
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қарағандыдағы учаскелік полиция бөлімінде әйел адамның мәйіті мен ес-түссіз жатқан полицей табылған еді. Жергілікті «Патриот» Telegram-арнасының мәліметінше, қаза тапқан әйел – 23 жастағы Эльмира есімді азаматша болған. Осы істен кейін Михайлов бөлімшесінің басшысы мен оның орынбасары жұмысынан кеткені белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Тексеру қорытындысы бойынша полиция бөлімшесінің басшысы мен оныңі орынбасары қызметінен босады», - деп хабарлады облыстық департаменттің баспасөз қызметі агенттік тілшісіне.
Бұдан өзге, Қарағанды қаласы полиция басқармасының бірнеше қызметкері мен облыстық полиция департаментінің қызметкерлері де жаза арқалаған.