$ 538.56  625.65  6.62
День конституции
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қызылордада тамақ пісірмек болған тұрғын көршілерін аяғынан тік тұрғызды

Екінші қабаттағы пәтердің асханасында газ плитасында қараусыз қалған тамақ жанып кеткен

Қызылордада тамақ пісірмек болған тұрғын көршілерін аяғынан тік тұрғызды
Фото: istockphoto.com

Қызылордада құтқарушылар көпқабатты үйден 28 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ә.Бөкейхан көшесінде орналасқан бес қабатты тұрғын үйдегі пәтер түтіндеген. Нақтыланған мәлімет бойынша екінші қабаттағы пәтердің асханасында газ плитасында қараусыз қалған тамақ жанып кеткен.

«Құтқарушылар пәтерді барлау барысында 1966 жылы туған пәтер иесін тапты, бір уақытта баспалдақпен 28 адам, оның ішінде 13 баланы эвакуацияланды», - деп жазылған хабарламада.

Құтқарушылар қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін түтін шығару жұмыстарын жүргізді.

Төтенше жағдайлар министрлігінің тұрғындарға ас үйдегі бір қателік алапат өртке әкелуі мүмкін екенін ескертті.

Еске сала кетейік, Семей тұрғыны төсекте темекі шегемін деп ажал құша жаздаған болатын. Қою түтін басқан пәтерден өрт сөндірушілер 1990 жылы туған пәтер иесін алып шықты. Сондай-ақ көрші пәтерден 2 баланы қауіпсіз жерге эвакуациялады. Улы газдан уланған ер адам медициналық мекемеге жатқызылды. 

Серіктес жаңалықтары