20.10.2025, 14:25
Оқиғалар
Абай облысында әйел адам танысының атына 5,4 млн теңге несие алған
Қазір 39 жастағы әйелге қатысты тергеу басталды
Фото: freepik.com
Абай облысында алаяқтық дерегі тіркелді. Аягөз ауданының 42 жастағы тұрғыны өз атына бірнеше банктен жалпы сомасы 5 миллион 460 мың теңгеге жуық онлайн несие рәсімделгенін біле сала полицияға арызданған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полицияның тергеу жұмыстары барысында бұл қылмысқа 39 жастағы әйелдің қатысы бар екені белгілі болды. Ол өз танысының жеке деректерін пайдаланып, бірнеше банктің мобильді қосымшалары арқылы әлгі танысының атына несие рәсімдеп жіберген.
Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
Көп оқылған
22.10.2026, 17:03
«Жауыма да тілемеймін»: Дана Нұржігіттің ұлы өгей әкесінен көрген қорлығы жайлы айтты (ВИДЕО)
22.10.2026, 12:01
Жүздеген ақбөкенді өлтіріп, мүйізін Қытайға сатпақ болған: ҰҚК сұмдық мәліметті жария етті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды