Қазақстан мен Ресейдің полициясы екі күн ішінде 286 қылмыскерді ұстаған (ВИДЕО)
Сондай-ақ хабар-ошарсыщ кеткен 55 адамды тапқан
Қазақстан мен Ресейдің ішкі істер министрлігі бірлесе отырып, екі күн ішінде 286 қылмыскерді ұстаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Polisia.kz мәліметіне сүйенсек, 15–16 қазан күндері ТМД елдерінің аумағында қылмыскерлерді анықтау және ұстауға бағытталған «Іздестіру» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткен.
«Іс-шара аясында Қазақстанға Ресей Федерациясы ІІМ-нің іздестіру тобы келіп, бірлескен жұмыс жүргізді. Ал өз кезегінде Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының жедел топтары Ресей аумағына барып, ұқсас операциялар өткізген» - деп хабарлайды дереккөз.
Екі күннің ішінде 286 қылмыскер ұсталып, 55 хабар-ошарсыз кеткен адам, оның ішінде 8 кәмелетке толмаған бала табылды.