ШҚО полициясы қорада мал сойып жатқан екі жігітті үйінен ұстап әкетті (ВИДЕО)
Бұл екі жігіт ауылдан мал ұрлауды әдетке айналдырған екен
Шығыс Қазақстан облысының полициясы ірі қара ұрлап, оны сойып сататын екі жігітті қылмыс үстінде қолға түсірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Дереккөзге сүйенсек, екі жігіт жақын маңдағы ауыл маңында жайылып жүрген малдарды ұрлап, оларды сол жерде сойып алатын көрінеді. Екі көлік мініп әрекет ететін олар ұрлаған малдың етін бір машинаға тиеп, екі көлікпен жолға шығады екен. Алдында келе жатқан көліктегі жігіт жол-жөнекей полиция көрсе, екіншісіне хабар беріп, жолды «тазалап» отырған.
«Полиция оларды сондай бір қылмыстың үстінен ұстады. Бұл жолы олар ұрланған малды қораларына әкеп сойып жатқан. Жалпы, екі жігіттің төрт ұрлыққа қатысы бары анықталды. Жалпы залал мөлшері – 2,6 млн теңгеге жеткен», - деп хабарлайды полиция.
Қазір екі жігітке қатысты тергеу аяқталып, іс сотқа жолданған.