Оқушы тіл тартпай кеткен
Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы Күшаман ауылында трагедия орын алды: 13 жастағы екі ұл түн ішінде қоян аулауға шыққан. Бірақ, бір ұлдың оғы қоянға емес, досына тиіп, оны мерт қылды, деп жазады Azattyq Rýhy.
Бұл ақпаратты редакция Жамбыл облысының полиция департаменті растады. Дереккөзге сүйенсек, 2012 жылы туған екі бала түнде қоян аулауға шыққан. Алдын ала мәлімет бойынша, баланың бірі қоянға дәл тиіп, оған қарай бара жатқан. Бірақ, өлмеген қоян тұра қашқанда, екінші досы оны атып өлтірмек болып, оқ атқан. Өкінішке қарай, ол оқ қоянға емес, оның артынан жүгіріп бара жатқан досына тиге,.
«Полиция қызметкерлері күдікті баланы бөлімшеге әкелді. Қазір істің мән-жайын анықтау үшін шара қолданып жатыр. Осы ретте кәмелет жасына толмаған балаларға көңіл бөлмеген, яғни, түнде мылтық ұстатып аңға жіберген ата-ананы жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылып жатыр», - деп хабарлайды полиция департаментінің баспасөз қызметі.