$ 536.32  626.9  6.6
День конституции
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қостанайдағы Freedom Finance филиалының директоры 70 миллион теңге жымқырғаны үшін сотталды

Ол қол астындағы қызметкерлердің сеніміне кіріп, сыйақыларын жинап алып отырған

Қостанайдағы Freedom Finance филиалының директоры 70 миллион теңге жымқырғаны үшін сотталды
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Қостанай қаласының №2 соты қол астындағы қызметкерлерінің сеніміне кіріп, оларды алдап, жалпы сомасы 70 млн теңге жинап алған Freedom Finance филиалының директорын 5 жылға соттады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сот материалдарына сүйенсек, ол 2023 жылдың желтоқсанынан 2024 жылдың қазанына дейін қызметтік жағдайын асыра пайдаланып, өзіне тікелей бағынатын қызметкерлердің сеніміне кірген. Оларға «жоғарыдағы басшылық сыйақыдан үлес сұрап жатыр» деген сылтаумен ақша жинаған. Залалдың жалпы мөлшері 70 млн теңге болған.

Прокурор банк қызметкерін 5 жылға соттап, осы салада 10 жыл жұмыс істей алмайтындай жаза кесуді сұраған. жарыссөз кезінде күдікті кінәсін мойындамаған.

«Сот айыпталушының кәмелетке толмаған балаларының бар екенін қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде таныды. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. Айыпталушының жеке басын, жасаған қылмысының сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, іс бойынша барлық мән-жайларды ескере отырып, сот оны 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ банктер мен өзге де қаржы ұйымдарында басшылық лауазымдарды атқару құқығынан 7 жыл мерзімге айырды», - деп хабарлайды Қостанай соттары.

Серіктес жаңалықтары